Ертең қазақстандық блогерлардың IV құрылтайы өтеді
Құрылтайдың салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Бауржан Түйтеұлы Әбдішев, белгілі қоғам қайраткерлері Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, қазақ ғаламторын дамыту бастауында тұрған Серікқазы Кәкібаланов, Өркен Кенжебек және елімізідің әр өңірінен қазақ ғаламторын жандандыруға атсалысып жүрген танымал блогшылар қатысады. Жалпы блогқұрылтайға еліміздің әрбір өңірінен 100-ге жуық блогшылар қатысады. Шараның басты мақсаты - Қазнет айналасында жүрген белсенді блогшылар тобының басын қосу. Қазақ тілді интернетті дамыту, қазақ тілді сайттардың санын көбейтуге ықпал ету, интернет-жоба ұсынушы жастарға қолдау көрсету. Қазақ елінің интернеттегі имиджін көтеретін топтар қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны интернет арқылы жүзеге асыру. Жастардың мультимедиялық жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету. Блогқұрылтай аясында бірнеше байқаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, блогқұрылтайларға шолу тақырыптарына арналған үздік пост, үздік бейнеролик, үздік фотосуреттер байқаулары. Дәстүрге айналған «стартаптар» байқауы жарияланды. Ең үздік деп танылған үш жоба иелеріне Қарағанды облысының әкімі Бауржан Түйтеұлы Әбдішев тағайындаған 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі сертификаттар табысталады. Блогқұрылтай сайты: www.blogcamp.kz