Ертең Қазақстанның басым бөлігін тұман басады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 15 облысы мен Астанада күн райына байланысты ескерту жариялады.
Кәсіпорын болжамына қарағанда, Астанада 19 наурызда тұман мен көктайғақ болады.
19 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Орал қаласында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болжанады. Қостанай қаласында да тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Жезқазғанда мезгіл-мезгіл тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ болады. Қарағанды қаласында да кей уақытта тұман түсіп, жолдар тайғақ болады.
Ақмола облысында тұман мен көктайғақ болжанады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.
19 наурыз күні және 20 наурыз Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодар қаласында да тұман түсіп, жолдар тайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Семей қаласында күндіз көктайғақ, ал түнде және таңертең тұман түседі.
19 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
19 наурыз күні Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болады. Облыстың оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15–20 метрге жетеді. Таразда кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман болады. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел шығыстан соғып, күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз де осы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады, жел екпіні де күшейеді.
Бұған дейін Қазақстанда наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады, ал сәуірде ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп болжанған.
Осыған дейін Наурыз мерекесінде ауа райы қалай болатыны туралы жаздық.