Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

Астана после дождя Жаңбырдан кейінгі Астана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 маусым күні Астана қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстігі мен орталығында өте жоғары, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында түнде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Алакөл көлдері маңында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. 28–29 маусымда солтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы, шығысы, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде найзағай, дауылды жел, күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында найзағай, дауылды жел және шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, түнде солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз орталығында екпіні 23-28 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде найзағай, оңтүстік-батысында түнде тұман, күндіз солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында найзағай күтіледі. Шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қатты жаңбыр, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, күндіз батысы мен оңтүстігінде бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде күндіз найзағай, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстігі, батысы, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде түнде найзағай, күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар