Ертең күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидрометтің мәліметінше 29 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр.

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Түркістан облысы, Оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал. Батыс пен солтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте жоғары, солтүстікте және шөлді-таулы аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз найзағай болып, екпінді жел соғады 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі.

Алматы облысында солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын жел екпіні солтүстікте күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстік, шығыс және оңтүстігінде найзағай болады. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жел екпіні күндіз оңтүстік пен шығыста 15-18 м/с жетеді. Оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығыс пен батысында өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз +35°С ыстық болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі өте жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, түнде -2°C дейін үсік болады. Жел екпені 15-18 м/с жетеді.

Абай облысында түнде және таңертең тұман болады. Шығыста -2°C үсік жүреді. Орталық пен оңтүстікте жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығысында, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысынде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігі мен шығысында, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Ұлытау облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары болады. Жезқазғанда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында Шығыс пен орталықта, оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Қостанай облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр. 

Соңғы жаңалықтар