Ертең Қызылордада балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласында түрлі шаралар өтеді, деп хабарлады қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен.
None
None

30 мамыр күні қаланың 5 аумағынан аула клубы ашылды. Қала әкімі Н. Нәлібаевтың балалардың жаз мезгіліндегі уақытын тиімді ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес «Қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 3 млн. 410 мың теңге қаржы бөлінді.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қаланың шет аумақтарында: Титов қыстағынан «Шаттық», Тасбөгет кентінен «Жұлдыз», «Ақмешіт» мөлтек ауданынан «Самғау», №253 орта мектептен «Жігер» және «Азамат» ПИК-нен «Достық» аула клубтары ашылды. Алдағы уақытта Белкөл кентінен аула клубын ашу жоспарлануда. Аула клубтарында балалар мен жастарға түрлі үйірмелер мен спорттық секциялардың қызметтері ұйымдастырылады.

1 маусым күні қызылордалық балғындар қоғамдық көліктерде тегін жүріп, қалалық мәдени-демалыс паркіндегі аттракциондардың қызметін тегін пайдаланатын болады. Сондай-ақ, қаладағы «Жібек жолы» сауда орталығында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларына «Ботақан» ойын-сауық орталығы, кинотеатр (1 сеансы) тегін қызмет көрсететін болады.

Жаз мезгілінде 10-сыныпты бітіретін 2145 оқушы 10 күндік еңбек бригадаларына тартылмақ.Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы № 177 спорт алаңдарына және мектептердегі баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелеріне 7500-ге жуық оқушы қатысады.

Соңғы жаңалықтар