Ертең мәдениет пен өнер мекемелерінің қызметкерлері үшін ұйымдастырылған халықаралық семинар-практикум өз мәресіне жетеді

Бұл семинар-практикум Қала күнін ұйымдастыру мен өткізу шаралары бойынша өзара тәжірибе алмасу, шетелдік, отандық мекемелер арасында шығармашылық байланыс орнатуға және елорда мәртебесін аймақтық мәдени орталық ретінде әрі қарай дамытуға негізделген.
"Астана: елорда күнін өткізу тәжірибесі" атты семинар-практикум аясында мәскеулік "Өнер, мәдениет және туризм академиясы" лекторлары мемлекеттік мекемелерге, Қазақстанның барлық аймақтарындағы мәдениет пен өнер қызметкерлеріне арналған он күндік сабақ өткізді. Ресей, Қырғызстан, Беларуськелген жетекші өнер шеберлерінің мастер-кластары ұйымдастырылды. Ертең "Астана: елорда күнін өткізу тәжірибесі" атты конференция Қазақстандық және шет елдік тыңдаушылардың қатысуымен өтеді.
6 желтоқсан күні семинар-практикум қортындысы бойынша барлық тыңдаушыларға «Шығармашылық индустриядағы менеджмент пен маркетинг», «Кітапхана ісі», «Музей ісі», «Режиссура», «Сценарий» секциялары бойынша мамандығын жетілдіргені туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.