14:37, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Ертең «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында электрондық үкімет мәселелері талқыланады
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ертең «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП мен ел кәсіпкерлері – Құқықтық Қазақстан үшін:«Электронды үкімет мәселелері» тақырыбында конференция өтеді.
Конференцияны «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті мен «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дөңгелек үстел басына ҚР Парламенті депутаттары, Бас прокуратура, ҚР Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ Ақпарат және байланыс агентігі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жиналады. Партияның ресми өкілі Оксана Петерстің айтуынша, шараның мақсаты ? осы саладағы өзекті сауалдардың шешімін табуды қарастыру, мемлекеттік органдарда жүзеге асыру, Электронды үкіметті дамытудың нормативтік-құқықтық жағын толықтыру. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданады.Сонымен қатар, ақпанның 19-ында «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстан студенттері Альянсымен бірігіп, қайырымдылық шарасын өткізеді. «Арнайы бағдарлама «Жастар жәрдемі» деп аталады. Оған эстрадалық ән, би топтары қатысып, өнерлерін көрсетеді. Билеттерді сатудан түскен қаражаттың барлығы Астана қаласындағы мүгедек балалар үйінің біріне жіберіледі. Билеттің құны ? 500 теңге», - деді бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте ұйымның ресми өкілі Оксана Петерс.