Ертең Өзбекстан президенті ресми сапармен Түркияға барады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 6 маусымда Анкараға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Ердоған
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сапардың бағдарламасына сай, екі ел басшыларының төрағалығымен Анкара қаласында стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтеді. Оның аясында өзбек-түрік қарым-қатынасын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралады.

Келіссөз барысында ең алдымен өзара тауар айналымын ұлғайту, өнеркәсіптік ынтымақтастық, «жасыл» энергетика, тоқыма, фармацевтика және аграрлық сектордағы жобаралды ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сонымен қатар, Өзбекстан мен Түркия президенттері екі елдің жетекші кәсіпорындарының басшыларымен алғашқы бірлескен кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар