Ертең Парламент Мәжілісінің Жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Ертең, қаңтардың 13-і күні Парламент Мәжілісінің Жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар әуелі кезекте Кеден одағына қатысты, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы, сондай-ақ ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану жөніндегі заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдерін айқындайтын болады. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасымен де жұмыс істеу барысы анықталмақ.

Жалпы отырыста Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы жөнінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов баяндап береді деп күтілуде. Сондай-ақ Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ермұханбет Омаров жұмыс тобында болған талқылаулар жөнінде түсінік береді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулер қаралады. Бұл жөнінде Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Валерий Доскалов айтып береді.

Соңғы жаңалықтар