Ертең Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттер үйінде жарық өшіріледі

ПАВЛОДАР. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең сағат 20.30-да С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттер үйінде жарық сөндіріледі - бозбалалар мен бойжеткендер
None
None

«Жер сағаты» атты ғаламдық халықаралық акциясына осылайша үлестерін қоспақ, деп хабарлады жастар саясаты жөніндегі басқармадан.

2012 жылы акцияға 147 ел, бес мыңнан астам қала қатысты, соның ішінде Қазақстанның қалалары да бар.

Павлодарлық жастар Жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірге облыстың барлық тұрғындарын осы акцияға қосылуға шақырады.

Бөлмелерінде жарық бір сағатқа сөнгеннен кейін жастар Студенттер үйінің алдына жиналады. Олар қалта шамдарын ұстап, 60+ саны үлгісінде сап түзейді.

Соңғы жаңалықтар