Ертең павлодарлық оқушылар қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — 11 қарашада Павлодар облысында 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1–4 сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

дистанционное обучение қашықтан оқыту школьники уроки оқушы сабақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— 2025 жылғы 11 қараша күні Павлодар облысының барлық мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1–4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0–5°С, желдің жылдамдығы 15–20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, барлық мектептегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.

Осыдан бұрын Ақтауда оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмей қалғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар