Ертең Шымкентте «Көктем мерекесі» басталады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ертең Шымкентте «Көктем мерекесі» басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті. Ертең қаладағы «Қошқар ата, сейілі» атты іс-шара ұйымдастырылмақ. Онда Көктем мерекесіне орай халықтық сауық-сайран өтеді.

Ұмытылып бара жатқан дәстүрлер, ұлттық ойындар, зергер ұсталар, аңшылық саят құру салты мен асыл тұқымды қошқарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл Шымкентте наурызнама дәстүрі заманауи үлгіде жаңартылып, тоғыз күн түрлі атаумен мерекеленеді. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктермен ұйымдастырылмақ. Іс-шаралар барысы «Көрісу күні», «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер», «Шымырлық пен шеберлік», «Зияткерлік күні» болып жалғаспақ. Сондай-ақ, «Ұлттық тағамдар», «Nauryz Fashion Day» және «Гастроном Fest» фестивалі ұйымдастырылады.

22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні Наурыз», «Наурыз Шымқалада» атты іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Атаулы күндер 23 наурызда «Жоралғы күнімен» аяқталады.



Соңғы жаңалықтар