Ертең Silk Way Star жобасының жартылай финалы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Jibek Joly телеарнасында Silk Way Star жобасының тоғызыншы эпизоды шығады. Бұл музыкалық байқаудың жартылай финалы, яғни әртістер үшін ең жауапты кезең.

Silk Way Star semifinalists dazzle with unforgettable performances in Astana
Photo: video still

Осы шығарылымда байқауға қатысушыларды ерекше сынақ күтіп тұр. Олар сахнаға Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бірге шығады. Белуччи, AZ, Ардақ Балажанова, Жарқынай Ханайым сияқты белгілі әртістермен дуэт кезінде олар өз өнеріндегі ерекшелікті көрсетіп қана қоймай, шақырылған әншінің стилімен үндесуі керек болады.

Айта кетейік, өткен эпизодта малайзиялық Язмин Азиз үздік шыққан болатын. Екінші орында Армения өкілі Саро Геворгян тұр. Үздік үштікті қытайлық Чжан Хэсюань түйіндеді.

Байқаудан үмітін тәжікстандық Фахриддин Хакимов үзіп ала жаздады. Ол қытайлық әділқазылар алқасының ветоны қолдануының арқасында жобада қалды. Осылайша, байқауды ұйымдастырушы елдер - Қазақстан мен Қытай вето құқығынан айырылды.

Ал байқауда барлығы 8 өнерпаз қалды. «Жібек Жолы жұлдызы» жақында анықталады. Эпизодтың аяқталуына екі күн қалды. Әртістерді қандай қойылымдар алып шығады, ал кімдерге жобадан кету керек болады ? Бұны әр сенбі сайын Jibek Joly телеарнасынан сағат 20:00-де көрсеңіз болады.

Осыған дейін Silk Way Star халықаралық вокалдық жобасынан кімдердің кеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар