Ертең Түркістан мен Ақтөбе облысында жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердың болжауынша, 5 маусымда Түркістан мен Ақтөбе облысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ертең Түркістан мен Ақтөбе облысында жел күшейеді

5 маусымда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

5 маусымда Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында 5 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.