Ертең Үкіметте 2011 жылдың бюджеті нақтыланады - Премьер-Министр

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ертең Үкіметте 2011 жылдың бюджеті нақтыланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

Барлық қабылданған бағдарламалар бойынша қаржылық ресурстар толық қамтамасыз етілгеніне тоқталған Үкімет басшысы: «Қазіргі кезде бірінші кезекте біз Президент айқындап берген бағыттарға ресурстарды жұмсаймыз. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс салаларына, «ҚазАгро» арқылы ауыл шаруашылығын дмытуға, «Самұрық-Қазына» мен Даму Банкі арқылы индустрияландыру шараларына, кәсіпкерлікті қолдау іс-қимылдарына назар аударылатын болады»,-деді.

Осы орайда К. Мәсімов аталған қадамдар өте маңызды екенін жеткізіп, осы тұрғыда қажетті барлық шешімдер мен құжаттар тез арада қабылданғанын айтып өтті.

«Ертең Республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді. Одан кейін Үкімет отырысында 2011 жылға арналған бюджеттің нақтылаған түрін қабылдаймыз. Сондай-ақ ертең түстен кейін біз «Нұр Отан» партиясына барып, бюджетті нақтылау мен біздің іс-қимыл бағдарламамызды партия үшін таныстыратын боламыз», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, 2 ақпанда болған баспасөз мәслихатында Қаржы министрі Болат Жәмішев Мемлекеттік бюджет шығыстарының әлеуметтік саладағы үлесі арта түсетінін мәлім еткен болатын. Министрдің сөзіне қарағанда мемлекеттік бюджет шығыстарын жалпы есептегенде, оның 51 пайызға жуығы әлеуметтік салаға негізделген. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік салалары қамтылған.

Соңғы жаңалықтар