Ертеңгі бір күндік сайлау, көпкүндік келешектің таңдауы болмақ - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Ертеңгі бір күндік сайлау, көпкүндік келешектің таңдауы болмақ.
None
None

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезінде Астана қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов осылай мәлім етті.

Сөз арасында Тұңғыш Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық бастамаға тоқталған қала басшысы, бұл үдерістің ел ішінде еселеніп, жалпақ жұрттың бірауызды жасампаз үніне айналғанын жеткізді. «Мұның өзі тұтас ғұмырыңызды ел тағдырымен екшелеген өзіңізге деген әз халқыңыздың ыстық ықыласы, биік бағасы. Көпшіліктің көкейіндегі осы бір риясыз көңілді алғыс ниетпен қабылдай отырып, Елбасы Ата заңды пір тұтып, Тәуелсіздік таңында таңдаған демократияның айқын айнасын, жемісті жалғасын көрсетер үлкен істің үдесінен шықты. Тағы да жауапкершілікті өз мойнына алған Н. Назарбаев, елдің мемлекеттің мүддесін алға қойып, қазақ деген халықтың абыройын асқақтатты», - деді И. Тасмағамбетов.

Сонымен қатар елорда әкімі кезектен тыс Президенттік сайлау мәселесіне тоқтала келе, ертеңгі бір күндік сайлау, көпкүндік келешектің таңдауы болатынын» айтты. «Бүгін съез делегаттарының, зиялы қауымның, жалпы Қазақстан халқының сол бәйгеде үміт артар жалғыз пырағы да, жеңіп шығар қыраны да өзіңізсіз», - деді И. Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар