Ертеңнен бастап банктер ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды бастайды ? Премьер-Министр

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертеңнен бастап банктер тұрғын үйлерін ипотекалық несиемен алған адамдардың несиелерін қайта қаржыландыруды бастайды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ипотекалық несие алған адамдар ертеңнен бастап «Самұрық-Қазына» қоры анықтаған уәкілетті банктерге өтініш жасай алады», - деді Үкімет басшысы. Премьер-Министрдің айтуынша, бұл бағдарламаға кіру үшін ипотекалық несие алған адамның пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден аспауы және жалғыз баспанасы болуы тиіс, сонда ғана оның несиесі доллардан теңгеге жылдық үстеме ақысы 11 пайызбен ауыстырылатын болады. Ал бюджет саласының қызметкерлері 9 пайыздан ауыстырады. «Бұл Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген тапсырмасы. Бұл нақты көмек болып табылады», - деді К.Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар