19:51, 09 Шілде 2009 | GMT +5
«Ертіс» ӘКК Өскеменнің «Жәрдем» базарын жаңартуды жоспарлап отыр
ӨСКЕМЕН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнің «Жәрдем» базары жаңартылатын болды. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Инвестициялық комитеті корпорацияның жаңғырту жобасына қатысуын мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ӘКК баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жобаның құны - 23 млн. теңгеге жуық. Корпорация 10 млн. 698 мың теңге салым салатын болады, ал «Жәрдем» ЖШС-ның салымы 11 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат және базарды жаңғыртудың жобалау-сметалық құжаттамасы болып табылады.
Құрылыс жұмыстары шілденің аяғында басталады және жоспарға сәйкес 2,5 айдан кейін аяқталады. Қолда бар ғимаратқа қосымша алаң салу жоспарланған, ол 25 сауда орнын құруға мүмкіндік береді.
Корпорация келешекте базарда бірлескен жобаларға қатысатын кәсіпорындардың ет, балық және жеміс-көкөніс өнімдерін өткізеді.