Ертіс ауданында егін орағына барлық техника шығарылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бұл күндері қызу егін орағы жүріп жатқан Павлодар облысы Ертіс ауданының егін алқаптарына 687 комбайн шығарылды, оның 40-ы - «Лаверда», «Джон Дир», «Медион класс» сияқты танымал батыс фирмаларының техникасы болса, қалған техника - ресейлік өндірістікі, деп хабарлады аудан әкімдігінен. Егін орағына сондай-ақ 251 жатка, 300 жүк машинасы жұмылдырылып отыр.
None
None

Қыркүйектің бірінші онкүндігінің қорытындысы бойынша 90 000 гектар алқаптың егіні орылды, бұл жалпы егістік танабының 57 пайызын құрайды. Егін орағында «Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік, «Солтанбет» шаруа қожалығы және Ағашорын селолық округінің шаруашылығы көш басында келеді.

Аудан бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 7 центнерге жуық. Қарақұдық және Тоқты селолық округтерінің шаруашылықтарында айналымнан 8 центнерден түсіруде. Егін орағының қарқыны артып келеді, ертістік егіншілер жауын-шашын басталғанша, астықты жинап алуға асығуда.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, облыста 246 мың гектардың егіні бастырылып бітті (алқаптардың 53 пайызы), ал астықтың шығымдылығы 6,6 центнер/гектарды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар