Ертіс ауданының әкімі балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның  25-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Тұрмысы төмен отбасылардың   балалары мен №2 мектеп-интернаттың  тәрбиеленушілері     Ертіс  ауданы  әкімінің     шыршасында Жаңа Жыл  мерекесін     тойлады.
None
None

Балалар    Оқушылар  сарайының  жас әртістері сахналаған ертегілік театрландырылған   қойылымды  тамашалады,      аудан  басшысымен  бірге   шыршаны айналып  ән айтты,     өз өнерлерін   ортаға салды.   Барлық балалар   Аяз  Атадан     тәтті сыйлықтармен қоса,  жылы бас киімдер,      бөкебай  және    қолғаптар  алды.

Әкім аудан мектептерінің  үздік  оқушыларына да  арнап арнайы  шырша   өткізді.   Оларға   сыйлықтар табыс  еткен   әкім  В.Левченко: «ауданымызда     ауылдағы        қабілетті  балалар  үшін әкімнің     гранттары    тағайындалған.   Дарынды  балаларға біздің елімізде    білімдерін  жалғастыруға   барлық жағдай  жасалған, олардың  тіпті әлемнің ең беделді деген жоғары  оқу орындарында білім алуларына  мүмкіндік  бар», деп   атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар