Ертіс ауданының барлық мектептері Жол картасы аясында жөндеуден өткізілді

;ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ -  Павлодар облысының Ертіс ауданындағы барлық 22 орта мектеп  Жол  картасы аясында  жаңартылып шықты, 
None
None

 деп  хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол  картасы  бойынша    білім ошақтарын  жөндеуге  бөлінген 53 миллион  теңге   қаржыны   барлық  мектепке    бөлдік.     Қасбеттер  мен шатырларды  жаңарттық,   пластик     есік-терезелер орнаттық,   төменгі сынып оқушыларына арнап жылы  дәретханалар  тұрғыздық.  Мектептердің  біразында  12 жылдық    бағдарламаға  ауысу  үшін   екі  қосымша  сыныптар  салынды»,  дейді    аудан  әкімі  Владимир   Левченко.

Ертіс ауданының    мектептері  оқытудың  заманауи  технологияларын   табысты  игеріп келеді.   Әр  мектепте   физика,   химия, математика  және  биология   пәндерінің  кабинеттері    құрылған.  Олар интерактивті электрондық тақталармен  жарақталған, Интернетке  қосылу   мүмкіндіктері  де бар.

Соңғы жаңалықтар