09:21, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Ертіс ауылындағы шіркеу қалпына келтірілуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертіс ауылында халық жинаған қаражатқа ескі шіркеуді қалпына келтіру жұмыстары басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен ғасырдың басында салынған шіркеуге әулие князь Александр Невскийдің есімі берілген болатын. Православ шіркеуі, елдегі басқа да жүздеген шіркеулер сияқты, 30-шы жылдары жабылып, ол ғимаратқа диірмен орнатылады. Кейіннен бұрынғы шіркеу иесіз қалып, талан-таражға ұшырайды, бірақ берік қабырғалар аман қалады.
Бүгінде онда село тұрғындарының күшімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігі бастамашы топты қолдап, қайта жаңарту жобасын жасауға, Александр Невский шіркеуіне байырғы салтанатын қайтаруға көмектесуде.