«Ertis» футбол клубының тізгінін беларусьтік маман ұстады

АСТАНА. KAZINFORM - «Ertis» футбол клубы команданың бас бапкері болып қызметіне Беларусь маманы Кирилл Альшевский тағайындалды.

«Ertis» футбол клубының тізгінін беларусьтік маман ұстады
Фото: «Ertis» футбол клубы

Тәжірибелі маман әр жылдары «Рух», «Лиепая», БАТЭ, РУОР, «Динамо Минск» секілді клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамасының құрылымында қызмет атқарды.

Оның басшылығымен борисовтік БАТЭ ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь кубогының иегері болды. Маманның соңғы жұмыс орны Ресейдің «Велес» (Мәскеу) болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын павлодарлық командада бас бапкер болған қазақстандық маман Ринат Алюетов «Оқжетпес» клубының тізгінін ұстады

Айта кетсек, жыл басынан павлодарлық «Ертіс» футбол командасымен 10-ға жуық ойыншы қош айтысқан. Сондай-ақ клубтың бас бапкері мен спорттық директоры да орнынан кеткені белгілі болды. 

Атап айтқанда, олардың қатарында Владимир Воменко, Нұрғайни Бөрібаев, Әділхан Добай, Мохаммед Еңсебаев, Нұрали Елемес, Владислав Васильев, Еркебұлан Тұңғышбаев бар. Ал Арман Кеңесов, Мирам Киікбаев пен Темірлан Төребек жалға алу мерзімі аяқталып, өз клубтарына қайтып оралды. 

 

Соңғы жаңалықтар