12:44, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Ертіс орманы» аймағында болған өрт кезінде 7 адам қаза тапты - Е.Нысанбаев
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Павлодар облысы «Ертіс орманы» аймағында болған өрт кезінде 7 адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң аулау шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Комитет басшысы атап көрсеткендей, орман өрті кезінде қаза болғандардың 4-уі қарапайым азаматтар болса, 3-уі - мемлекеттік орман қорының қызметкерлері. «Олардың ішінде Бесқарағай бөлімшесінің директоры Ержан Байкетаев бар. Аталған оқиғаға дала өрті себеп болған. Өрттің жалпы аумағы 2 гектарды құрады», - дейді Е.Нысанбаев.
Комитеттің ақпараты бойынша биыл еліміздің 9 400 гектар жері өртке оранды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 872 гектарға артық.