«Ертіс орманы» резерваты бас директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

ПАВЛОДАР.ҚазАқпарат - «Ертіс орманы» резерваты бас директорының орынбасары пара алған. Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті оның ағаш кесу кезінде «қамқорлық» көрсеткені үшін және орманды тазарту бойынша қосымша жұмыс көлемін алғаны үшін ағаш өңдеушіден миллион теңге алғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертіс орманы» резерваты бас директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

«Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арнайы жедел іс-шаралар жүргізу барысында «Ертіс Орманы» РММ басшылығының заңсыз әрекетінің жолын кесті», - деп хабарлады облыстық ЭТД.

«Ертіс орманы» резерваты бас директорының орынбасары Қайриден Әбжатов ағаш кесушілердің бірінен карточкалық шотқа аудару арқылы 1 000 000 теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы алған», - деп атап өтті департаментте.

«Ақша ағаш кесу жұмыстары кезіндегі жалпы қамқорлыққа, сондай-ақ орманды тазарту бойынша жұмыстардың жаңа көлемін алуға төленген. Әбжатов алған ақшаны жеке мақсатына пайдаланған», - деп толықтырды департамент.

Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты Қ.М. Әбжатовқа орман шаруашылығы саласында 2 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.