Ертіс өзенінде суқұзғындар балықтарды құртып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодар облысы Май ауданының балықшылары дабыл қағуда. Соңғы жылдары бұл аумақта балықтардың көзін құртып жатқан суқұзғындардың саны күрт артып отыр, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .

Ертіс өзенінде суқұзғындар балықтарды құртып жатыр

 Редакцияға видео жолдаған жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ертіс алқабында мыңдаған құс мекендейді. Әйгілі қанаттылар кішкентай балықтарды жеп қойса, үлкендерін жағаға лақтырады. Павлодар облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясында суқұзғындарының көбеюіне қатысты мәселені Қазақстанның ғалымдары қарастырып жатқанын айтты. Бір ай бұрын Ертіс өңірінде осы тақырыпқа байланысты дөңгелек үстел өткен. Оған облыстық аумақтық инспекция, табиғатты қорғау прокуратурасы, Баянауыл ауданы ұлттық паркі, орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі және «Ертіс орманы» резерватының өкілдері, өңірдегі қорықшылар мен күзетшілер қатысқан.

«Ертең ғалымдармен бірге Май ауданына шығу жоспарланып отыр», - дейді аумақтық инспекциясы аңшылық шаруашылығы және жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Арман Мұқатаев.  «Бұл құстардан табиғатқа қандай да бір зиян келе ме екенін анықтағымыз келеді. Ол үшін биологиялық зерттеу жүргізіп, экологиялық сараптамаға жіберу керек. Әзірге құстар Ертіс алқабында өздерін жайлы сезінеді. Бір суқұзғын тәулігіне бір келідей балық жейді. Мұнда жақсы қорек бар, аңшылыққа тыйым салынған, ешкім құстарды мазаламайды. Дегенмен суқұзғындар Павлодар облысының аумағында ұя салмайды. Олар мұнда үш жыл бұрын пайда болған. Бұл - қоныс аударатын құстар. Бізге Семейден ұшып келген. Ертеңгі тексерісті өткізуге Май ауданының қорықшылық қызметі ұсыныс жасады».

 Әзірге басқа аудандардан шағым түспеген. Десе де, экологтар ашқарақ құстарға қатысты мәселені шешуге асықпайды, себебі суқұзғындары Ресейдегідей жоғалып бара жатқан түріне кіруі мүмкін. Қазақстандық сарапшылар басқа елдердің тәжірибесін зерттеген. Мәселе, Балтық жағасындағы ғалымдар бұл мәселені отшашулар арқылы шешкен. Отшашудан қатты шошыған құстар тіпті, ұяларын тастап ұшып кеткен. Павлодар облысына мұндай тәжірибе жарамайды, себебі мұнда олардың ұялары жоқ. - Қазіргі таңда суқұзғындарын бақыланатын құстардан аңшылық түріне енгізу мәселесі көтерілуде, - дейді инспекцияда.