Ертісте мұз үстіндегі жолдар ашылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертісте мұз үстіндегі өткелдер ашылды,
None
None

деп хабарлады Павлодар облыстық судағы құтқару қызметінен.

Қатты аяз өзен бетін мұзбен құрсады - мұздың қалыңдығы 50 сантиметрге дейін жетіп, оның үстімен жүк тиелген автокөліктердің өтуіне мүмкіндік беріп отыр. Мұз өткелін тек уақытша Май ауданында ғана жабуға тура келді - онда су деңгейінің төмендеуі салдарынан мұз өткелінде жарықтар пайда болды.

Облыс орталығының тұсында да Ертістің мұзы толық қатпаған, мұнда құтқарушылар өзеннің үстімен арлы-берлі өтіп, мұзы жұқа жерлерге барып қалуы мүмкін балаларды қадағалауға мәжбүр. «Құтқарушылар бірнеше рет мұздың үстіне шығып, «батырларды» қауіпсіз жерге әкетуге мәжбүр болды», - деп атап көрсетті қызмет бастығының орынбасары Виталий Турусов.

Соңғы жаңалықтар