Ертіс көпіріндегі көлік кептелісі: Өскеменде көпір астындағы жол қашан ашылады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы Ертіс көпірі астындағы жолды биыл ашу жоспарланып отыр.

Ертіс көпіріндегі көлік кептелісі: Өскеменде көпір астындағы жол қашан ашылады
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Қаладағы Ертіс көпірінде үнемі таңертең және кешке ұзын-сонар көлік кептілісі болады. Себебі халық көп тұратын Жібек маталар комбинаты ықшамауданына апарар негізгі жол осы. Сол кептелісті азайту мақсатында Пермитин көшесінен Славский жағалауына қарай өтетін Ертіс көпірі астында жол құрылысы басталған болатын.

– Бүгінде негізгі жер қазу және дренаж жұмыстары аяқталып, төменгі асфальт қабаты төселіп жатыр. Жаңа жол учаскесінің ұзындығы – 758 метр, - деп хабарлады қала әкімдігінен. 

Жобаның жалпы құны 4 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталады. Десе де жолды биыл ашу жоспарланып отыр. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда кептеліске қарсы жаңа жол таңбалары пайда болғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар