16:33, 23 Ақпан 2026 | GMT +5
Ертіс орманы аумағында жоңғар атжалманы көзге түсті
АСТАНА. KAZINFORM — «Ертіс орманы» аумағында ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары қысқы аппақ реңдегі жоңғар атжалманын (Phodopus sungorus) тіркеді.
Мамандардың айтуынша бұл жануардың орман алқабында кездесуі ерекше жайт, бұл жануарлардың әртүрлі жағдайларға бейімделіп, жаңа ортаға икемделе алатынын дәлелдейді.

Даланың бұл кішкентай мекендеушісі жүнінің түсін өзгертуге қабілеттілігімен танымал: суық түскенде оның сұрғылт-қоңыр реңі ақ түске айналып, қар аясында жыртқыштардан жасырынуына көмектеседі.
Айта кетелік Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалған еді.