«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Ертіс орманының» қызметкерлері орман жануарлары үшін қысқы азық қорын қамдап жатыр. Резерват аумағында қыстың күні 61 арнайы азықтандыру алаңы жұмыс істейді. 

«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Алда қақаған қыс келе жатыр. Жер бетін ақ мамық көрпе жапқан мезгілде де «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қауырт жұмыс тыншымайды. Қыс қаһарына мініп, омбы қар түскенде Шалдай және Бесқарағай филиалдарындағы қызметкерлер жануарлар әлемін браконьерлерден қорғау, жабайы аңдарды тіркеу мен олардың көшіп-қону мониторингін жүргізеді. Бұл уақытта тұяқты жануарлар үшін қар астынан азық тауып жеу қиынға соғатыны мәлім. Осыны ескерген жергілікті аңшылықтанушы мамандар орман арасын мекендейтін бұлан, елік сияқты сүтқоректілерге азық орындарын ұйымдастырады.

«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты
«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Орманшылар тілінде бұл биотехникалық іс-шара деп аталады. Резерваттың аңшылықтанушысы Қайыржан Әділбаевтің айтуынша, орманды мекендеген жануарларға қысқы азық қоры жүйелі түрде әзірленеді. Аңшылықтанушылар жабайы жануарлар үшін биыл 25 тонна шөп, 3000 дана бұтақ бумаларын, 600 килограмм тұз дайындап жатыр.

«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

— Қысқы кезеңде жануарларға азық жеткізу — резерваттағы маңызды экологиялық іс-шаралардың бірі. Бұл жұмыс арнайы жоспарға сәйкес, қатаң тәртіппен және жүйелі түрде атқарылады. Резерват аумағында 61 арнайы азықтандыру алаңы бар. Қысқы уақытта шөп, тұз, азықтық бұтақ бумалары белгіленген орындарға жеткізіледі. Аңшылықтанушылар мен мемлекеттік инспекторлар алаңдарды үнемі бақылап отырады. Егер азық көлемі азайса, дер кезінде қосымша жеткізіледі, — дейді ол.

«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты
«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Қозғалыс қиындаған жағдайда жануарлар жүретін соқпақ жолдар анықталып, сол маңдағы ағаштарға азық ілінеді. Бұл тәсіл, әсіресе елік, бұғы, қоян секілді тұяқты аңдар үшін тиімді.

«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты
«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты
«Ертіс орманы» бұлан мен еліктің қысқы азығын қамдап жатыр
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Атап өтерлігі, қазіргі уақытта «Ертіс орманы» аумағында сүтқоректілердің 21 түрі, құстың 90, бауырымен жорғалаушылардың 3 және 32 жәндік түрі тіркелген. Мұнда Қызыл кітапқа енген орман сусары мекендейді. Соңғы санақ қорытындысы орман сусарының 101 дарағы тіркелген.

Еске сала кетейік, «Ертіс орманында» сілеусіннің төлдері көзге түсті

Соңғы жаңалықтар