Ертіс орманшылары қарағай көшеттерін отырғызу үшін көктемгі ылғал жинауды бастады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Биыл резерват аумағында 125 мыңнан астам жас қарағай егіледі. Орманшылар бүгінде қар үйінділерін жасап, шөппен жауып жатыр.

ылғал жинау
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

«Ертіс орманы» мекемесінің баспасөз қызметкері Арай Атығаеваның айтуынша, қар үйінділері сәуір айында жас қарағай көшеттерін отырғызған уақытта ылғал үшін пайдаланылады.

«Қарағай көшеттері отырғызылатын танаптарға қарды үймелеп жинаймыз да, үстін қалың шөппен жауып тастаймыз. Көмілген қар көктемде ұзақ уақыт ерімей жатады. Сәуір айында жас көшеттерді отырғыза бастағанда тамырын қар кесектерімен бірге көмеміз. Бұл әдіс көшеттердің тамырына көпке дейін ылғал беріп тұруға арналған», - деп түсіндірді маман.

«Ертіс орманының» 7 орманшылығында жалпы саны 48 қар үйіндісі жасалмақ. Биыл мұнда жалпы аумағы 2828 гектар жерге 128,6 мың түп қарағай көшеттері салынады.

Соңғы жаңалықтар