Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Биологиялық препарат баржалардан суға төгіліп, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жояды. Өңдеу Аққулы ауданынан басталып, ағын бойымен Ертіс ауданына дейін созылады.

Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары басталды
Фото: Валерий Бугаев

Қансорғыштарға қарсы өзен үстіндегі улау шаралары биыл жылдағыдан ертерек басталды. Себебі Ертіс жайылмаларының 90% -ға жуығын су басқан. Сәйкесінше, дезинсекцияның алғашқы кезеңі жүргізілді.

- Алғашқы кезеңде 10 күн бойы препараттар жіберіледі. Кеше 6 нүктеде жұмыс жүргізілсе, бүгін қалғандарында дезинсекциялау жасалды. Аталған жұмыстарға 10 тонна суспензия пайдаланылды. Биологиялық препарат баржалардан суға төгіледі,- дейді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов.

Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары басталды
Фото: Валерий Булаев

Өзендегі дернәсілдерді өңдеуге «Бактицид» биологиялық препараты қолданылуда. Ғылыми топ өкілдері оның тиімді екенін айтады. Дезинсекция Ертіс өзені жазғы арнасына түскенге дейін жалғасады. Су жайылмадан толығымен шыққаннан кейін мамандар өңдеудің басқа түрлеріне көшеді.

Еске сала кетейік, Биыл Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы 172 мың гектар алқап өңделеді.

Шыбын-шіркейді әуеден улау жұмыстарына 10 ұшақ жұмылдырылған.

 

Соңғы жаңалықтар