Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаражатты иегере алмаған министрліктерді атады

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 98,8, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 12,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 95 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 17 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, игерілмеген қаражат көлемі 78 млрд теңгені құрайды.
«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Оқу-ағарту министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары», - деді Ерұлан Жамаубаев.