Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Мұны Астана прокуратурасы растады.

Погиб бывший замакима Алматы Ержан Бабакумаров
Фото: Kazinform

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қозғалған. Іс материалдары Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген.

Еске салайық, қайғылы оқиға 30 қазан күні түнде болды. Сол түні Ержан Бабақұмаров таныстарының ортасында болған. Олардың арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде жарақат алған экс-шенеунік мерт болған.

Аталған іс бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар