Ержан Қазыхан Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Қазыхан Қазақстан Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Ержан Қазыханов Ирландия мен Исландиядағы ҚР елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалғанын жазған едік.