Ержан Қазыханов жұмыс сапарымен Солтүстік Ирландияда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов жұмыс сапарымен Солтүстік Ирландияда болды, Белфаста ол бірқатар кездесулер өткізді.

Құрамында сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов бастаған өкілдері бар қазақстандық делегация сапарының мақсаты - Қазақстанның Ұлыбритания аймақтарымен ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан экономикасына инвестициялар және жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ экономика, энергетика, мәдениет, туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ құқық қорғау саласында өзара іс-қимыл орнату, деп хабарлады ҚР-ның Ұлыбританиядағы Елшілігінен.

Белфастқа сапары ауқымында Қазақстан Елшісі бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, соның ішінде Солтүстік Ирландияның бірінші министрінің орынбасары М.МакГиннеспен, бірінші министрдің парламенттік орынбасарлары А.Росспен және М.Фиронмен, парламент спикері Р.Ньютонмен, Министрлер кабинеті аппаратының басшысы Н.Джексонмен, сондай-ақ Белфастың лорд-мэрі Б.Кингстонмен жүздесті.

В ходе состоявшихся встреч Посол ознакомил руководство Северной Ирландии с текущими экономическими и политическими реформами, направленными на модернизацию Казахстана в соответствии с экономической программой «Казахстан-2050» и Планом нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ Президента РК Н.А. Назарбаева.

Кездесулер барысында Елші Солтүстік Ирландия басшыларын «Қазақстан-2050» және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам Ұлт жоспарына сәйкес Қазақстанды жаңғыртуға батытталған ағымдағы экономикалық және саяси реформалармен таныстырды.

Атап айтқанда, қазақстандық дипломат солтүстікирландиялық әріптестеріне «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасы ауқымындағы инфрақұрылымдық жобалар, жекешелендірудің кешенді бағдарламасын  және басқаларын жүзеге асыру туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, Орталық Азиядағы қаржылық хаб болуы тиісті «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты Қазақстанның ауқымды жобаларын жүзеге асыру барысы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Кездесу барысында көптеген салаларда ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуеті аталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан үшін Солтүстік Ирландияның энергетика саласындағы тәжірибесі қызықтырады, соның ішінде қайтарымды энергия көздері, ауыл шаруашылығы, білім беру, ғылыми парктер мен орталықтарды құру мәселелері бар. Сонымен бірге, қаржылық қызмет, туризм секторларын  және құқық қорғау және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдарды дамытудың маңызы атап көрсетілді.

Сапар ауқымында ҚР Елшілігі солтүстікирландтық бизнес пен академиялық топтар басшылары, сондай-ақ Солтүстік Ирландия құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысуымен іскерлік кешкі қонағасы ұйымдастырды.  

Сонымен бірге, сапар барысында Қазақстан Елшісі бірқатар ірі солтүстікирландиялық компаниялардың басшыларымен кездесті. Атап айтқанда, «Invest Northern Ireland» компаниясының Таяу Шығыс және Африка бойынша лиректоры Э.Кюранмен және компанияның аймақтық менеджері Н.Джонстонмен, NI-CO компаниясының атқарушы директоры Г.МакКаммонмен, AJ Power компаниясының басқарушы директоры Э.Макэймен және басқаларымен кездесулер болды.

Кездесулерде солтүстікирландиялық компаниялар Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен экономикалық және ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға құлшыныс білдірді. Е.Қазыханов Солтүстік Ирландия компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатвысуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар