Ержан Қошқаров Цифрландыру департаментінің директоры болды

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры лауазымына Ержан Қошқаров тағайындалды. 

Ержан Қошқаров
Фото: Энергетика министрлігі

Ол – Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлегі. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы University of Warwick университетінде менеджмент және ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Қазіргі уақытта Astana IT University-де жасанды интеллект бағыты бойынша докторантурада білім алуда.

Ержан Қошқаров – мұнай-газ, газ-химия және тау-кен өндірісі салаларында 14 жылдан астам еңбек өтілі бар жоба менеджері. Siemens, Rolls-Royce, Kent plc, KAZ Minerals сияқты жетекші халықаралық компанияларда және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

Энергетика министрлігінде ол газ өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы және цифрландыру департаменттерінде басшылық лауазымдарды атқарып, салалық ірі жобаларды үйлестірді. Олардың қатарында Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарындағы газ өңдеу зауыттары, полипропилен мен полиэтилен өндіру жобалары, сондай-ақ энергетика саласындағы есепке алу және мониторингтің цифрлық жүйелері бар. 

Соңғы жаңалықтар