Ержан Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ержан Нукежанов
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды. 

Ержан Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы — тарих магистрі.

2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған.

2002–2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2009–2016 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен.

2016 жылғы маусым айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2018 жылғы маусымынан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті төрағасы міндетін атқарған.

 

 

Соңғы жаңалықтар