Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің аппаратын басқарады

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының басшысы болып Ержан Сейтенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

тағайындау
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Ержан Іргебайұлы 1974 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі, құқықтану магистрі.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіретін кәсіпорында жұмысшы болып бастаған Ержан Іргебайұлы жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, жасыл экономика, тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы болды.

2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар