Ержан Шайкенов «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – 2009 жылғы мамырдың 4-де банк басқармасының құрамын өзгерту мәселесі бойынша «Темірбанк» АҚ-ы директорлар кеңесіне мүшелер арасында жабық-жасырын дауыс беру өтті.
Директорлар кеңесінің шешімімен «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасы болып Ержан Шайкенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.Сондай-ақ «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, банк басқармасының құрамына Дәулет Кәрімбаев пен Мансұр Молдахметов енгізілді. Ал, Әбілахат Кебіров пен Асхат Естаев банк басқармасы құрамынан шығарылды.
Соңғы жаңалықтар