Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

в
Фото: Үкімет

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы заң мамандығы бойынша «Тұран» Университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.

2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2016), «Парасат» (2021) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021), 7 мерейтойлық медальдары

Айта кетейік, Нұрмахан Әділбеков Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.