Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
Е. Иманғалиев Семей өңірінде дүниеге келген. 12 жылдан астам мерзімде өңірлік білім басқармасын басқарды. Министрлік мәліметіне қарағанда, оның жетекшілігімен Қарағанды облысындағы білім саласында елеулі жұмыстар атқырылды. Жаңа орынбасарын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Е. Иманғалиевтің білім жүйесінде елеулі тәжірибесі бар екенін, сондай-ақ ол өңірлік бағыттағы жұмыстарды жетік меңгергенін сөз етті. Белгілі болғандай, жаңа вице-министр мектепке дейінгі білім беруді дамыту, орта білім, техникалық және кәсіби оқыту, сондай-ақ балалар құқын қорғау секілді мәселелерге жауапты болмақ.