11:48, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Есеп комитеті 2008 жылдың қорытындысын шығарды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев 2008 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, өткен жылда республикалық бюджетке түскен қаржының 99,6 пайызы және салықтан түскен қаржының 98,5 пайыздық жоспары орындалды. 2009 жылдың 1-ші қаңтарында шығарылған мәліметке сәйкес, бюджетке 80,9 млрд. теңге түспей қалған. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда, 34,3 млрд. теңгеге артық. Ал республикалық қаражаттың 13,1 млрд. теңгесі игерілмеді. «Сондай-ақ аталған кезеңде 327 нысанда тексеріс жүргізіліп, заңбұзушылықтардың жалпы сомасы 103,2 млрд. теңгені құрағандығы анықталды. Аталмыш сома 2007 жылмен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге кем. Бұл Есеп комитетінің қаржылық қатынастары саласындағы заң бұзу фактілерін алдын алудағы рөлінің арта түскендігін көрсетсе керек», - деді О.Өксікбаев. Сондай-ақ комитет төрағасы атап көрсеткендей, өткен жылы құқық қорғау органдарына 33 заң бұзу оқиғалары бойынша тиісті құжаттар жіберіліп, нәтижесінде 121 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.