Есеп комитеті 2009 жылғы бірінші жарты жылдықты қорытындылап, екінші жарты жылдықтың мақсаттарын белгіледі

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп комитеті 2009 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысын шығарып, екінші жарты жылдықтың мақсаттарын белгіледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есеп комитетінің кеңейтілген отырысында комитет қызметінің 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысының қорытындысы және екінші жарты жылдығындағы міндеттері қаралды. Аталған кезеңде Есеп комитеті 21 бақылау іс-шарасын жүргізген. 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, тексерілген бюджеттен қаржы алушылардың саны 38 объектіге өскен», делінген осы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Баспасөз қызметінің мәліметінше, Есеп комитеті Парламенттің 2009 жылғы маусымда берген ұсынымдарын іске асыру жөнінде шаралар әзірледі. Сонымен бірге, бақылау-талдау іс-шараларын жоспарлау кезінде тәуекелдерді басқару жайы талқыланып, тексерушілердің біліктілігін одан әрі арттыру, жүргізілетін бақылау-талдау іс-шараларының сапасын жақсарту, бақылаудың әдіснамасын жетілдіру жөніндегі мәселелер қаралды. 

Соңғы жаңалықтар