13:06, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Есеп комитеті құқық қорғау органдарының жұмысына қанағаттанбайды ? О.Өксікбаев
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біз құқық қорғау органдарының жұмысына қанағаттанбаймыз.

Бүгін ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңесте комитет төрағасы Омархан Өксікбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитет төрағасы атап өткендей, өткен жылдың жұмысы бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген 33 істің тек 3-еуі ғана сотқа дейін жетті. 8 заң бұзу фактілері бойынша тергеуалды жұмыстар жүргізілуде. Қалған істер бойынша іс жүргізу тоқатылды. «Ал, ең бастысы, республикалық бюджетке келтірілген шығын әлі қайтарылған жоқ», - дейді О.Өксікбаев.