Ешкі қозы мен лақ тапты

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақсай қаласының тұрғыны Қымбат Әленованың қоңыр ешкісі егіз: қозы мен лақ тапты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ертемен қораға кірген мал иесі алдымен өз көзіне сенбеді. Төлдің бірі лақ та, екіншісі қозы болып шыққанына таңғалса да, өкінген жоқ. Өйткені ылғи ешкі ұстайтын Қымбаттың қойы жоқ еді. Енді ұрғашы қозы осы түліктің басы болар деп ырымдайды. Мал мамандары да мұндай оқиғаның бұрын мүлде кездеспегенін айтады.
Соңғы жаңалықтар