19:42, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ешкі терісін жамылған грек аңшылықта мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Жануарға байқатпай жақындау үшін ешкі терісін жамылған аңшы басқа аңшы оғының құрбаны болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Грекияның оңтүстігіндегі Неме маңында болған. Бірнеше отбасы ұлттық мерекенің құрметіне салтанатты ас әзірлеу үшін түз тағысын аулауға шығады. Аңшылыққа қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп, маңайға тарап кетеді.
25 және 28 жастардағы екі жас жігіт өздері жануар деп қабылдаған қыбырлаған тіршілік иесін көреді және іле-шала оны мылтықтың қарауылына алып, жайратып салады. Алайда бұл ешкі терісін жамылған 49 жасар Кристиан Константиноу болып шығады. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттан ұзамай көз жұмады. Оған оқ атқан ер адам тұтқындалды, оны жергілікті полиция тергеуде.