Ешкім мемлекеттің көмегінен шет қалмайды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыс көлемінде халықтың аз қамтамасыз етілген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қолдау жұмыстары өз жалғасын тауып келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы 132 мыңнан астам азамат пен балаларға 1687,7 млн. теңге көлемінде жәрдемақы мен әлеуметтік көмек төленді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскенін айғақтайды. Сондай-ақ аз қамтамасыз етілген 20504 отбасына 470,8 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі 84504 балаға 895,9 млн. теңге жәрдемақы, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 612 мүгедек балаға 19,8 млн. теңге әлеуметтік көмек берілді. Мұндағы адам саны да, берілген қаржы көлемі де 2007 жылмен салыстырғанда біршама өскен. Облыс бюджетінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 235,7 млн. теңге, оның ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты республикалық бюджеттен 93,4 млн. теңге қаражаты қаралды. Өткен жылы 23154 адамға 234,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Есепті кезеңге қаралған қаржы 99,5 пайызға, оның ішінде республикалық бюджет толығымен игерілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының 57,8 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды, 7,7 пайызы жұмыссыздар, 9,1 пайызы бала күтіміндегілер, 17,0 пайызы жалақысы аз жұмыспен қамтылғандар, қалған 3 пайызын мүгедектер, зейнеткерлер мен студенттер құрайды. Облыс бойынша кедейшілік шегіне дейінгі үстеменің орташа мөлшері 844 теңгені құрайды. Өткен жылдың аяғына таман "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданғаны белгілі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Болат Накиповтың айтуынша, заңда бірқатар ерекшеліктер бар. Мәселен, уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярланудан, қайта даярлаудан, біліктілігін көтеруден, оқудан бас тартқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Егер жұмыссыз адам жіберілген жұмысқа орналасып, кәсіби мамандық алса, өзінің біліктілігін арттырып, арнайы курстарға оқуға барса, оған сол күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл Елбасының халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында еңбекке жарамды жастағыларды жұмысқа, жаңа мамандық алуға ынталандыруға және осы көмекті алушылар арасында масылдықты болдырмауға негізделген.
Соңғы жаңалықтар