Ешкіөлмес петроглифтеріне қауіп төніп тұрғаны рас па

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысы әкімдігі желіде жарияланған Ешкіөлмес петроглифтеріне қатысты кейбір ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Ешкіөлмес
Фото: archaeology.kz

Әкімдіктің хабарлауынша, уәкілетті органдарды тарта отырып, Ешкіөлмес жотасындағы петроглифтердің айналасындағы жағдайды жан-жақты зерделеу мақсатында арнайы комиссия құрылған.

Ал Жоғарғы Талапты шағын су электр станциясының (ГЭС) құрылысы барысында бөгет салу қарастырылмаған. Құрылыс жұмыстары тек өзен арнасы шегінде жүргізіліп отыр. 

«Экологиялық кодекстің №2 қосымшасы, №3 бөлімі, №2 тармағына сәйкес, нысан ІІІ санатқа жатады. Бұл дегеніміз – қоршаған ортаға әсері елеусіз. Аталған жайт Алматы облысы әкімдігі тарапынан 2022 жылғы 19 қаңтарда берілген экологиялық рұқсат құжатымен расталған», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта. 

Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша қосымша ақпарат таратылатыны да айтылды.

Еске салайық, стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізімі тағы бір нысанмен толыққаны жайлы айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар, «Қамбар ата» ГЭС-і Орталық Азияның энергетикалық әлеуетін нығайтатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар