Есікке жабысқан тиін мысықты ызаландырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыққа қонаққа келген тиін сыртқы есіктің торына жабысып, оны әбден ызаландырды.
Үй иелері есіктерінде ілініп тұрған «қонаққа» қатысты мысықтарының әрекеттерін видеоға түсірді. Тиын ашуға булыққан мысықты көзге ілген де жоқ.
Видеоға түсірген ер адам терезені қақты, кейін мұны әйелі де қайталады. Алайда жануар бұларды елемей, есік торына жабысқан күйі бөлмедегі заттарды қарауын одан әрі жалғастыра берді, деп жазды tvzvezda.ru.